Солардың біріМақсұтбек Пирметовөңірдегі белсенді жастармен кездесті. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында өткен жиында М.Пирметов Президенттік жастар кадр резервінің кезеңдері мен одан өту барысы бойынша кең көлемде айтып өтті.
Сондай-ақ, үміткер Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу автоматтандырылған жүйе арқылы ашық жүргізілгендігін жеткізген М.Пирметов тестілеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жоба қорғау және эссе жазу кезеңдеріне қатысқан. Бұл кезеңдердің қорытындылары 2019 жылдың 20 қарашасында белгілі болады. Ал, жиын соңында өңіріміздің жастары арнайы шақыртылған қонақпен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысы туралы пікір алмасты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»