Аталмыш іс-шараға «Nur Otan» партиясы ұйытқы болғанын айта кетейік. Шара барысында жастар халық көп шоғырланатын жерлерде жүріп, мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттады. Қала тұрғындарына жалаушалар таратып, әнұран шырқады. Мақсат-азаматтардың туған еліне деген сүйіспеншілігін ояту. «Елге деген, отанға деген құрметті жастардың бойында құрмет артсын деген мақсатпен іс шараны ұйымдастырдық. Өте жоғары деңгейде өтті» - дейді Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов.
Көк ту асына біріккен жастарға аға буын өкілдері тәуелсіздік тарихын баяндады. Егемендікке жету жолында батыр балаларының жасаған ерліктерін үлгі етті. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету азаматтың бәріне ортақ міндет. «Дәл осы күн біздің патриоттығымыздың белгісі болып есептеледі. Осы іс-шараны өткізу арқылы біз өзіміздің де патриоттығымыз артып, бойымызға рух тарады» - деді колледж студенті Жақсылық Нұрқауым. Мемлекеттік рәміздер еліміздің азаттығын айшықтайды. Шара соңында ұлттық рухты оятатын патриоттық әндер шырқалды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»