Айтар болсақ, Шорнақ ауылдық округіне қарасты елді мекендер: Шорнақ, Қосмезгіл, Аша, РЗД-32 – 4 елді мекендегі 2137 жанұяда 12955 тұрғын бар. Ауыл тұрғындары негізінен мал және егін аруашылығымен айналысады. Ауыл округі бойынша жалпы жер көлемі – 51770 га. Оның ішінде суармалы жер – 4608 га, жайылым жер – 24120 га. Ауыл округі бойынша барлығы 101 шаруа қожалығы бар. 2019 жылы ауыл округі бойынша 4015 га жерге егіс егу жоспарланса, 4075 га жерге егіс егілді. Сонымен қатар жылыжай көлемін қосымша 2 га жерге ұлғайту жоспары бойынша ауыл тұрғындары 2019 жылы жылыжай салып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіріп, пайда табу мақсатында еңбек етуде. Ауылда "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламасы100 пайызға орындалып отыр. 2019 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Шорнақ елді мекенінде Ы.Алтынсарин көшесінің жарықтандыру жұмысы, ал аяқжолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қосмезгіл елді мекеніндегі Х.Жұмадуллаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5488,0 мың теңге, Аша елді мекеніндегі М.Мәметова көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5040,0 мың теңгеге бөлініп, ол жұмысты мердігер «Азрет жол құрылыс» ЖШС жүргізіп, пайдалануға берілді. «Шорнақ ауылдық округі бойынша Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде орналасқан заңды 47 жеке кәcіпкер бар» - деген ауыл әкімі БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.