Среда, 13 Ноябрь 2019 19:17

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «Менің Туым, Менің Отаным!» акциясы өтті

Бүгін Төлеби ауданында «Менің Туым, Менің Отаным!» паториоттық акциясы өтті. Акция барысында Ә.Бектаев көшесіндегі «Тау жұлдызы» сауда-саттық базарына көк туымыз тігілді. 

Патриоттық акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік тудың маңызын насихаттап, жастарды отан сүйгіштікке баулу, туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында ілу болып табылады. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Қанат Мылтықбеков: «Біз сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан көк байрағымыздың қашанда тұғыры биік, әнұранымыз әлемнің түкпір түкпірінде жаңғырып, елтаңбамыз үнемі айбынымыз бен абыройымыздың белгісі бола берсін», - деп жылы лебізін білдірді.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көк Тудың мән-маңызын түсіндіретін келелі ойлар айтылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 404 times