Кездесуді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жолшыбеков жүргізіп отырды. Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдердің тәрбие мәселелері талқыланып, колледж психологы М.Темірбекова баяндама оқыды. Сонымен қатар "Аналар кеңесінің" төрайымы Г.Есенова аудандағы атқарылған іс-шараларға шолу жасады. Бүгінгі қоғамдық кеңес өкілдерімен өткен кездесуде "Jastar KZ" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес колледжде "Тағылым" әкелер мектебі мен "Сырғалым" аналар мектебі құрылып, Түркістан облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ Төлеби аудандық филиалы мен "Аналар кеңесімен" екіжақты бірлескен іс-шаралар жоспары түзіліп, құжаттарға қол қойылды, мекеме мөрімен бекітілді. "Тағылым" әкелер мектебінің жетекшісі болып колледжде көп жылдар еңбек етіп келе жатқан ұстаз Рашид Ахметов тағайындалды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.