Среда, 13 Ноябрь 2019 18:50

Түркістан облысы: Даму бағыты бойынша Кентаудың әлеуеті артпақ

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен сала басшылары мен ауыл әкімдері БАҚ өкілдері алдында атқарылып жатқан салалары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен таныстырады. Соның аясында қалаға қарасты Майдантал ауылдық округінің әкімі Сабыр Қалшабекұлы Исмаилов ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және алдағы жоспары жайында баспасөз брифингінде баяндады. 

Майдантал ауылдық округі 3 елді мекеннен құрылған: Майдантал, Қаражон, Егізқара. Жалпы халық саны: 4210 адам. Ауыл округі бойынша жалпы жер көлемі 65751,0 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 44656,0 га, суармалы егістік жерлер – 1841,0 га, жайылым жерлер – 30488,0 га. Ауыл округі бойынша 141 шаруа қожалығы бар, оның ішінде 18 ірі шаруа қожалығымен бірігіп жұмыс атқарып отыр. Округ аумағында 1 дәрігерлік емхана, 1 ауылдық аурухана жұмыс атқарады. Жалпы медицина саласында 32 адам жұмыс істейді. Алдағы жоспарда қала әкімінің тапсырмасына орай "Даму" жоспары түзіліп, соның аясында ауылда бірқатар істер жүзеге асырылмақшы. Ауылды көркейту, жарықтандыру, жол салу секілді жұмыстар атқарылатын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 363 times