Среда, 13 Ноябрь 2019 17:58

Түркістан облысы: Мобильді топ Кентаудың Бабайқорған ауылына табан тіреді

«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Бабайқорған ауылдық округіндегіСерт жалпы орта мектебі мен Бабайқорған жалпы орта мектебінде, М.Балақаев жалпы орта мектебі мен Абай жалпы орта мектебінде болды. 

Онда ерте жүктіліктің алдын алу, ЖИТС-тің алдын алу, отбасын дұрыс жоспарлау, аутодеструктивті мінез-құлықты жастарды анықтау, құқық бұзушылық пен тәуелділіктің алдын алу, діни экстремизмнің алдын алу және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды («Мәңгілік ел жастары – индустрияға» Серпін-2050, «Болашақ», «Әлем білім», "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «7-20-25», т.б. бағдарламаларын) кеңінен таныстыру мақсатында «Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері түсіндірме жұмысын жүргізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 638 times