Четверг, 14 Ноябрь 2019 16:10

Түркістан облысы: Төлеби ауданының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл21 қарашада өткізу жоспарлануда. Онда барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады.

Осыған орай, Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Бақытұлы Омарбековтің аудан тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласы Әйтеке би көшесі №28 мекенжайда, сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдау өткізеді.

Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (725 47) 6-13-70 байланыс телефондары арқылы 15 қараша сағат 9:00-ден басталып, 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар tolebi.akim@mail.ru электронды пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 307 times