Депутат Төре Ақжігіт төрағалық еткен сессия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның біріншісі – Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №34/168-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, ал екінші мәселе «Отырар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы болды. Күн тәртібіндегі аталған мәселелер тұрақты комиссияның отырысында алдын ала жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан, депутаттар бұл күні бірауыздан шешім қабылдап, барлығын мақұлдады. Өз кезегінде сессия отырысында сөз алған аудан басшысы кезектен тыс сессияның өту барысын қорытындылап, халық қалаулыларының жұмысына табыс тіледі. Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат депутаттарының өзара түсіністігі нәтижесінде Отырар ауданында әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.