Четверг, 14 Ноябрь 2019 10:57

Түркістан қаласында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызуға бола ма?

«Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары» талқыланды. Жиын барысында облыстық мәслихат депутаттары облыс орталығын көгалдандыруда неліктен жауаптылар қылқан жапырақты ағаштарға басымдық бергендері жайлы мәселе көтерді. Әрине, онысы орынды-ақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркістанның аумағында жасыл белдеу құруға және көгалдандыруға бюджеттен 1 млрд. 800 млн. теңге бөлінген болатын. «Түркістанға кіре берістегі көше жолының ортасына неге арша отырғызғансыздар? Шымкенттегі тәжірибе сабақ болмады ма? Шымкентте отырғызып, бес жылдан кейін орнына емен екті ғой» - дейді облыс мәслихатының депутаты Мұрат Төлтебев. Өз кезегінде оған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов: «Бекзат Саттарханов көшесіндегі екі жолақ көшенің ортасына биік емес, бойы қысқа ағаштарын отырғыздық. Өйткені көшенің бір бетінде саябақ болса, екінші жағында – гүлзарлар. Көріністі жаппайды» - деп жауап қатты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 372 times