Четверг, 14 Ноябрь 2019 11:07

Түркістан облысы: Созақ ауданы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Онда барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады.

Осыған орай, Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатовтың аудан тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Жібек жолы көшесі №1 мекенжайда, сағат 9:00-ден19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдауы өткізіледі. Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (72546) 4-20-77, 4-14-89 байланыс телефондары арқылы 15 қараша сағат 9:00-ден басталып 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар a.sozak@ontustik.gov.kz электронды пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 472 times