Өңір басшысынан кейін сөз алған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев жергілікті атқарушы органдардағы партия мүшелеріне мәселені жасырғаннан гөрі жедел шешкен тиімді екенін айтты. «Бүгінде облыста әлеуметтік жағдайдың төмендігі, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері өте өзекті. Партия филиалы бірінші кезекте осы бағыттағы проблемаларды жүйелі түрде шешу үшін жергілікті әкімдіктермен, тиісті басқармалармен жоспар түзіп, жүргізетін болады. Президенттің Жолдауда айтқан барлық елдің өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін екі бағытта жұмыс жүргіземіз», - деп атап өтті.
Айта өтейік, Түркістан облысы бойынша Президенттің Жолдауда айтқан халықтың өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру екі бағытта жүргізілмек. Ең алдымен, партия филиалының Қоғамдық қабылдау кеңсесі Түркістан қаласындағы халық ең жиі шоғырланған Алматы арбатындағы ғимаратта «Open space» форматына көшсе, екіншіден барлық лауазым иелерінің қабылдауларын әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы жүргізу қолға алынды. Жалпы, жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 5204 арыз-шағым түскен. Оның 2747-сі оңтайлы шешіліп, 2289 өтінішке заң аясында кеңестер берілген. 168 өтініш бүгінде қаралу үстінде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»