Вторник, 12 Ноябрь 2019 15:13

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында «Менің туым - менің Отаным!» акциясы ұйымдастырылды

«Менің туым - менің Отаным» патриоттық акциясы Сарыағаш ауданында жалғасын тапты. Аудандағы «Алып» сауда кешенінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, аймақ жастары ән-жырдан шашу шашты. 

Акцияның мақсаты мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан кері көзқарасын жою. Себебі, кезкелген мекеме немесе жеке тұрғын үйлергерәміздерді ілуге болады. Тек оның күтімі мен беделіне нұқсан келмеуін қамтамасыз ету қажет.

Шара барысында ұйымдастырушылар мен аудан жастары халыққа ҚР Туының жалаушаларын таратты. Мемлекеттік рәміздердің маңызыннасихаттап, әнұранды шырқады.

«Мемлекеттің рәміздерге құрмет барша азаматқа ортақ міндет. Ұлттық рухты оятатын патриоттық шара ауданда әлі де жалғасын табады» - дейді Сарыағаш аудандық жастар ресурстық КММ басшысы Қанат Иматов. Ұйымдастырушылар акцияны басқа да мекемелерге жолдап, көк ту астында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 352 times