Пятница, 15 Ноябрь 2019 01:06

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Онда барлық деңгейдегі әкімдер (аудан, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады. Осыған орай, Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Төленұлы Танагөзов аудан тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі №51 үй мекенжайында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдау өткізеді. Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (72548) 2-17-40 байланыс телефоны арқылы 15 қараша сағат 9:00-ден басталып, 20 қараша күні сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар t.urkumbayev@ontustik.gov.kz электронды пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

Сонымен қатар Бәйдібек ауданындағы барлық ауылдық округ әкімдері елді мекен тұрғындарын ауылдық округ әкімі аппараты ғимараттарында қабылдамақ.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 440 times