Пятница, 15 Ноябрь 2019 09:15

Түркістанға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин іссапармен келді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өңірге жұмыс сапарымен келді.

Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан қаласын жаңғыртудың 1-кезеңі аясындағы жұмыстар барысын тексерді және де оның ішінде әкімшілік, әлеуметтік және тарихи-мәдени маңызы бар нысандар: әкімдік, басқармалар және департаменттер ғимараттарының, медиа орталықтың, «Нұр-Сұлтан» алаңының, Олимпиада реверві спорт мектебінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, музыка мектебінің, аттракциондары бар қала саябағының, неке қию сарайының, визит-орталықтың, Шығыс моншасының, амфитеатр мен қалалық Арбаттың құрылысын тексерді.

Асқар Мамин Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевпен бірге Н. Оңдасынов атындағы аллеяға ағаш отырғызып, көшет отырғызу бойынша республикалық акцияны бастады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 497 times