Қоғамдық қабылдаулар барысында Сызған ауылдық округі әкімі аппаратының кеңесшісі іс-басқарушысы Х.Нұртан ауыл тұрғындарына өзекті мәселелер жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар egov элоктронды үкімет порталын пайдалану ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тәжірибе жүзінде алып көруге мүмкіндіктер берді. Ерекше атап өтер жайт, аталмыш жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңгерлік көмек беру, қызметтерді ыңғайлы алуға жағдай жасау, компьютерлік сауаттандыру (e.gov), ауыл болашағын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ашық талқыға салу, мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам тарапынан бақылауды күшейту.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.