Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталуға сатысында тұр, делінді мәжіліс барысында. Сектор жетекшілерінің баяндауынша, құрылыс нысандары ауқымды Нұр – Сұлтан және Шымкент қалалары көштен қалып келеді. Елордалық құрылысшылар мойнына алған 1167 пәтерге күрделі жөндеу жүргізілсе, үш көпқабатты үйдегі 287 пәтер жаңадан салынуда. Бұл аймақтарға қарайтын үйлердің құрылысы мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жалғасуда. Құжаттардың қаржы министрлігінде мақұлдануы мәселесі де кезең – кезеңмен жүріп жатыр. Түркістан қаласы жасыл желектендіру жұмыстары бойынша Арыс тәжірибесі негізінде 16 секторға бөлінген. Бүгінде су ұңғымалары мен құдықтар қазылып, заманауи жаңа аялдамалар ашылып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуда, сонымен қатар жолаяқ пен велосипед жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты облыс бойынша соңғы деректері жария етілді. Бұл ретте, табысын жасыру, жеке бизнесінің болуы және АӘК алу шарттарын бұзу секілді 18 мыңнан астам дерек анықталған. Бұрын тағайындалған АӘК-ті қайта есептеліп, тоқтатылды (4,2 мың отбасыға АӘК бас тартылды, 3,1 мың отбасыға уақытша тоқтатылды, 7,3 мың отбасыға қайта есептелінді) және артық төленген 650 млн.теңгенің 38,8 млн.тг. қайтарылды. Енгізілген өзгерістер, алаяқтарға қарсы күреске, әлеуметтік көмекте әділдіктің жоғары болуына және еңбекке ынталандыруына бағытталған. Бұл тұста 7 млн-ға жуық қазақстандық отбасыларға (18,5 млн. адам) әлеуметтік карта жасалды. Автоматтандырылған режимде анықталатын электронды әлеуметтік карта отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтайды. Бұл отбасының әлсіз жерін анықтауға, превентивті шараларды көрсетуге және жергілікті деңгейде әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»