Пятница, 15 Ноябрь 2019 11:14

Түркістан облысы: Кентау қаласының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Осыған орай, Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен СәбитұлыМахажановтың қала тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Яссауи даңғылы, №87 мекенжайда сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдауы өткізіледі. Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (72536) 3-16-87 байланыс телефондары арқылы 15 қараша сағат 9:00-ден басталып 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар akimat_kentau@mail.ru электронды пошта арқылы жолдауға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 346 times