Аймақта ажырасу,ерте жүктiлiк мәселесі азайған. Аудан ақсақалдары мұның себебін келiн мен ененің жақсы мәмілеге келуімен байланыстырады. Осыған орай мәдениет сарайының әртiстерi келiн мен ене, аға мен iнi арасындағы оң байланыстарды дәрiптейтiн "Бақытты отбасы – денi сау ұрпақ кепiлi" атты қойылым көрсеттi.
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi». Басқосуда мамандар Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында кеңiнен қолдау тауып жатқандығы жөнiнде айтты. Ондағы қамтылған бес бағытқа жеке-жеке тоқталып өттi. Құнды құжатта берiлген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстарды алға тартып, келер жылдан бастап көптеген әлеуметтiк шаралар қолға алынатындығын тілге тиек етті.
Жиынға қатысушыларға «Қазақстанның тұрмыс сапасын жақсартудағы қоғамдық келiсiм кеңестерiнiң ролi» атты республикалық форумының бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ Республика имамдарының III форумына қатысып қайтқан ауданның бас имамы ондағы қабылданған құжаттар жайында түсiнiк бердi.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.