Воскресенье, 01 Декабрь 2019 10:14

Түркістан облысы: Созақта Президент Жолдауы насихатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен Қазақстан халқына Жолдау жасағаны бәрімізге белгілі.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Президент Жолдауын насихаттау мақсатында Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығында өткізілген кездесуді «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сабира Мұратқызы жүргізіп отырды. Кездесуді «ҚР Чернобыль одағы қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Түркістан облыстық қоғамдық келісім мекемесінің бөлім басшысы Бахытжан Аширбаев өз баяндамасымен бастап, Жолдауда ел Президенті тоқталған басым бағыттар мен межеленген жоспарларды орындау, дамыған елдердің арасында бәсекелестікке қабілетті болу мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде, әсіресе, кәсіпкерлік, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдениет пен диалогтық алаңдар құру мәселесіне тоқталғанын айта кеткен жөн .Қазіргі таңда көрсетіліп жатқан әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы туралы да мол мағлұматтар берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 528 times