Воскресенье, 01 Декабрь 2019 10:36

Түркістан облысы: Кентау жастарына Жолдау насихатталды

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі ҚР Президенті Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында Кентау қаласының «Яссы» педагогикалық колледжінде кездесу өткізді.

Педагогикалық мамандар даярлайтын колледж студенттерінің қатысумен өткен кездесуде ҚР Чернобыль одағы қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Түркістан облыстық қоғамдық келісім мекемесінің бөлім басшысы Бахытжан Аширбаев Жолдау бойынша баяндама жасады: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы еліміздің қарқынды дамуына жаңа серпін береді. Ел дамуында маңызды орын алатын құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады, елімізді дамудың жаңа кезеңіне жетелейді. Жолдау әрбір қазақстандыққа қатысты. Жолдауда айтылған тапсырмаларды бұлжытпай орындау өз болашағымызға жол ашудың бірден бір жолы. Сондықтан, бойларыңыздағы бар күш-қуаттарыңызды еліміздің көркеюіне салып, мемлекет дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын», – деді ол.

Кездесуде «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сабира Мұратқызы: - Сындарлы қоғамдық диалог дегеніміз – өздеріңіздің өмір сүру тіршіліктеріңізден туындаған ойыңыз бен пікіріңізді қоғамға еркін білдіріп, ашып айту. Ашық диалогтық алаңдар құру тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізіп, халқы¬мызды алға жетелейді, - дей келе Жолдаудың тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын, халық игілігіне ба¬ғытталған маңызды құжат екенін түсіндіріп, жастарды белсенді болуға шақырды.Кездесу соңында студент жастар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 558 times