Көптеген қызмет түрі мобильді қосымшаға берілген. Мәселен тұрғылықты мекенжай анықтамасын бұрынғыдай ХҚКО-нан ала алмайсыз. Алайда «EGOV MOBILE» арқылы уақытты ұнемдеп анықтаманы лезде алуға болады. Бәрінен бұрын бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.Мамандар eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасын Play Market , AppStore-дан жүктеу үшін қолжетімді екендігі түсіндірді. Кездесудің мақсаты – халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін ұғындыру. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді өз үйіңізде отырып қол жеткізу туралы кеңінен түсіндіру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік дамудың және еліміздің барлық аумағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Халықты заманауи технологиялар арқылы қызмет алуға сауаттандыру.
«Аудан әкімдігімен бірлесіп, Мынау соңғы модель «EGOV MOBILE» Қазақстан деген шыққан приложение шыққан соны халыққа таратып жатырмыз. Үйден шықпай мобильдің ішіндегі 28 қызметті алуға болады. Алдағы уақытта аудан әкімшілігімен келісіп 10 ауыл әкімшілігіне шығып түсіндіру жұмыстарын жалғаймыз» - дейді Ордабасы ауданы ХҚКО –ның бөлім басшысы Марат Әлімбеков.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»