Вторник, 03 Декабрь 2019 13:35

Түркістан: мақтааралдықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосып келеді. Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Бүгінде бүкіл әлем Қазақ елін танып, оның бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Мақтаарал ауданы Мырзакентте ұйымдастырылған Тұңғыш Президент күнінде зиялы қауым өкілдері осылай деді.

Елбасы - елдің тірегі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтааралдықтар сән-салтанатымен атап өтті. Мерекелік шараның шымылдығы еліміздің әнұранымен ашылды. Басқосуда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков айтулы датаның маңызы зор екенін атап өтті. Еңбегі еленген бірқатар аймақ қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. «1 Желтоқсан Тұңғыш Елбасы күнімен барлықтарыңызды аудан әкімдігі тарапынан шын көңілден құттықтаймын. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанымыз өте жоғары деңгейге көтерілді. Елбасының 2018 жылғы 5 маусымдағы 698 жарлығымен мына біздің Мақтаарал ауданыда тарихи қалпына келтірілді» - деді Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық. Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар еліміздің уығын қадап, шаңырығын көтерді.Салтанатты жиында аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.  Елбасымыз туралы әндер шырқап, жырдан шашу шашты. Мыңбұрала би билеп, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.Күнтізбеге қызыл белгімен енген бұл күннің мақсаты да айқын. Біріншіден халықтың Елбасыға деген ілтипатын көрсетсе, екіншіден барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке жетелейді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 587 times