Созақтық ағайындар да Тұңғыш Президент күнін арнайы мерекелік шарасымен өткізді. Аудан әкімі Салыхан Полатов аудан тұрғындарымен жүздесіп, Елбасының сындарлы саясаты жайында әңгіме өрбітті. Ауданның өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды мереке қарсаңында алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шара шымылдығы Нұрғиса Тілендиевтің «Атадан мұра Нұрсұлтан» күйімен түрілгенін айта кетейік. «Бұл күй Елбасының мінезін, қиын кезеңдердегі мықтылығын көрсетеді. Оның саяси сахнадағы жолынан сыр шертеді» - дейді, аудан әкімі Салыхан Полатов. Көрсетілген композициялар арқылы ҚР Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі дәріптеліп, егеменді еліміздің дамуы жолындағы өмір жолы насихатталды. Кездесу барысында Елбасыға деген құттықтау баяндамалары оқылып,кейінгі толқынды жеңістерге ұмтылдырудағы еңбегіне алғыстар айтылды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»