Сондай азаматтардың бір парасына партия билеті мен мерекелік төс белгісін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың өзі тапсырды. «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен мерекелік шара кезінде партияның жаңа мүшелерімен кездескен төраға орынбасары көпшілікті мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыту жолындағы еңбектеріне тоқталды.
Сондай-ақ осы күні облыс көлемінде жаңадан ашылған 10 бастауыш партия ұйымы жетекшілеріне де куәліктер тапсырылды. Атап айтсақ, Түркістан қаласынан 5, Сарыағаш ауданынан 2 және Жетісай, Қазығұрт, Ордабасы аудандарынан да бастауыш партия ұйымдары ашылды. Айтып өтейік, бүгінде облыста «Nur Otan» партиясының 88 мың мүше мен 263 бастауыш партия ұйымы бар.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»