Среда, 20 Ноябрь 2019 16:39

Түркістан облысы: Арыс қаласында комиссия отырысында сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтан адал қоғам құру – мемлекет саясатының басым бағыттарының, ал сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар, мемлекеттік орган мен оның басшысы жұмысының тиімділігін бағалауда маңызды критерий болып табылады. Осы орайда, бүгін қала әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбектің төрағалығымен қала әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуы, қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржылардың нысаналы пайдалануы талқыланды. Комиссия отырысына қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысып, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Шойнахов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.Ділдәбекова, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Ғ.Садықов, ішкі саясат бөлімінің бас маман-баспасөз хатшысы Ш.Нұртазаевалар күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамалар жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 392 times