Среда, 20 Ноябрь 2019 11:19

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Менің туым, менің отаным!» акциясы өтті

Мақтаарал ауданында «Менің Туым, Менің Отаным» атты патриоттық акциясы өтті. «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысты. Акция аясында отаншылдыққа шақыратын әндер шырқалып, көк Тудың мән-маңызын түсіндіретін келелі ойлар айтылды. 

Жастарды патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақыратын іс-шара «Бірлік» ауылдық округіндегі «Болашақ» мектебінде өтті. Салтанатты шараны «Nur Otan» партиясының аудандық филиалыныңбірінші орынбасары Досым Асабаев ашты. Акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылығын атап өтті.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін тарихи өткенді мәдени мұраны лайықты болашаққа ұмтылыс бейнеленген. Сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілікпен абырой, борыш, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, мемлекетке құрмет секілді жалпы адамгершілік нормаларын қалыптастырады.

Басқосуда алаңға мемлекеттік ту әкелініп, әнұранымыз шырқалды. Сондай-ақ акцияға қолдау білдірген жастар флешмоб биледі.

«Негізгі мақсаты біздің көк туымызды кеңінен насихаттау, кеңінен мәртебесін көтеру. Бұл енді тұрақты, жүйелі түрде барлық оқу орнында жалғасын табатын болады жыл соңына дейін» – дейді Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сүндет Кенжебаев.

Акция аясында ұйымдастырушылар түрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 392 times