Среда, 20 Ноябрь 2019 13:04

Түркістан облысы: Төлеби ауданында үй жануарларын бақылаусыз қалдырмауға бағытталған бірлескен рейдтік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының 05.07.2014 жылғы №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басшылыққа алып, Төлеби аудандық ветеринария бөлімі, Төлеби аудандық полиция бөлімі, Ленгір қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері бірнеше мәрте бірлескен рейдтік іс-шара жүргізді. Шараның мақсаты Ленгір қаласындағы саябақтар, гүлзарлар, көшеттер, көше бойындағы ағаштарды зақымдайтын қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын анықтап, уақытша қамап ұстау. 

Рейдбарысында Әйтеке би көшесі, 2,3-шішағынаудандарда егесінің қарауынсыз жүрген 7 бас ірі қара мал анықталып, «Жарық Жол» коммуналдық мекемесіндегі уақытша қамап-ұстау орнына қамалды. Кейінгісінде 30 бас жылқы 12 бас ірі қарамал уақытша қамау орнына қамалып, 25 ит ауланды. Ал үшінші тексеру жұмыстары барысында 19 бас ешкі ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды.

Сонымен қатар Ленгір қаласының тұрғындарына ауыл шаруашылығы жануарларын қала аумағында ұстау ережелері түсіндіріліп, үй жануарларын бақылаусыз қалдырмау туралы ескертілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 385 times