Вторник, 03 Декабрь 2019 16:04

Түркістан облысы: темірландықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тұңғыш Президент күні Ордабасы ауданында ауқымда шарамен атап өтілді. Орталықтағы Мәдениет үйіне жиналған қауым еліміздің жетістіктерін елбасының есімімен байланыстырып салиқалы ой қозғады. Айтулы күні еңбекте ерендік танытқандар арнайы төсбелгімен марапатталды.

Мінберге шығып сөз алған аудан әкімі Әліпбек Өсербаев еліміз бағындырған белестерді атап өтті. Әрбір жетістікке жетелеген Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне тоқталды. Тәуелсіздің алғашқы күнінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жол сараланып,ұлы даланы мекендегі көп ұлтты  қазақ елінің жеткен жетістіктері айтылды.Қазақ қалқы өз таңдауын дұрыс жасап, көшбасшыдан жаңылмағанын атап өтті. «Тұңғыш президент күні бұл барша қазақстандықтардың тарихи таңдау күні. Біз осыдан 28 жыл бұрын өз таңдауымызды жасадық. 1-ші желтоқсан барша еліміз сайлауға қатысып өздерінің тұңғыш президентін сайлады» - деді ол.

Салтанатты шарады ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар марапат биігінен көрінді. Еңбегі ерен жандар әкімнің алғыс хаты мен ауданның 55 жылдығы төсбелгісімен марапатталды. Еңбектері еленгендер аңғарымпаз билікке алғыстарын білдірді. «Бүгінгі күн қуанышты күн бақытты күн. Ауданымызда үлкен іс-шара өтіп жатыр. Бірінші желтоқсан елбасымыздың президенттіккке сайланған күн. Ол кісінің елбасы болғанына біз қуаныштымыз» - дейді Ордабасы ауданының құрметті азаматы Ырымкүл Ертай. Жиыналған қауымға ән күйден шашу шашылды. Облыстық филормонияның өнерпаздары өнерін ортаға салып халықтың көңілін шалқытты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 585 times