Среда, 04 Декабрь 2019 11:13

Түркістан: Тұңғыш Президент күніне арналған игі шаралар легі Бәйдібекте жалғасты

Тұңғыш Президент күніне арналған игі шаралар легі жалғасуда. Көк байрағымыз биікте желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз елдігімізді танытқан мереке Бәйдібек ауданында өтті.

Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің күнімен тұспа-тұс тойланған салтанатты басқосу Елбасы туралы бейнероликті көрсетуден басталды. Онда аудан әкімі Бақытбек Танагөзов аймақ тұрғындарын айтулы күнмен құттықтап, еңбегі еленген бірқатар азаматтарды марапаттады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев табан тіреген тұғырдың ең негізгісі – саяси тұрақтылық. Тұрақтылықтың тұғыры татулық. Елбасы бүгінде бүкіл әлемге қазақ ұлтының ұлылығын танытты.

 «Президентіміз кез-келген мінберде қазақ елінің мүддесін қорғады. Бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстанды мойындатты. Спорт саласы да дамыған мемлекеттердің қатарында. Ассамблеямызды бүкіл әлем мойындады» - дейді Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов. Түркістан облысы бойынша биылғы жылдың қорытындысымен Бәйдібек ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірінші  орынға ие болды. Облыс әкімінің І дәрежелі Дипломына аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметов ие болды. Сондай-ақ бұл күні бірқатар шаруа қожалықтардың иесі, ветеринарлар мен осы саланы насихаттап жүрген БАҚ өкілдері құрмет төрінен көрінді.  Марапаттау рәсімінен кейін тұрғындар аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 596 times