Среда, 04 Декабрь 2019 15:13

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолдануды талап етті

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің басшылығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Облыс басшысы бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекеттік - жекеменшік әріптестік тетігін тиімді әрі белсендірек қолдану қажет екенін атап өтті. Бизнес пен биліктің арасындағы көпірге айналатын тәжірибеге тоқтала келе, инвесторларға қолайлы ұсыныс жасап, әлеуметтік маңызы бар салаларға басымдық беру керектігін талап етті.

Аппарат отырысында Түркістан қаласында жүріп жатқан тұрғын үй құрылысына қатысты соңғы мәліметтер талқыланды. Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1200 пәтерлі 20 тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Оның ішінде арендалық 11 үйдің қабылдау актісі жүргізіліп, қазір үй кезегінде тұрған азаматтарға заң талаптарына сәйкес үйлестірілуде. Жиын барысында облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңдастыру мәселесі талқыланды. Бұл мақсатта арнайы комиссия құрылып, оларды 1-шілдеге дейін толық жөндеу жүзеге аспақ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 621 times