Пятница, 06 Декабрь 2019 12:02

Түркістанның бас жоспары дайын

Түркістанның бас жоспары дайын. Оны өзге емес өзіміздің елдің сәулетшілері дайындады. Нақтырақ айтар болсақ, рухани орталықтың келешек келбетін «Астана» бас жоспар жобалау институтының мамандары әзірлеген. Бүгінде облыстық мәслихатта мақұлданып, министрліктерден мүдірмей өткен жоба үкімет отырыса ұсынылды. Жоба жетекшілерінің айтуынша көне шаһардың бас жоспары алдағы 30 жылға межеленген.

Негізінде Түркістанның бас жоспарын әзірлеу үшін өткен жылы халықаралық деңгейде байқау жарияланған болатын. Сол сында «Астана» бас жоспар институты әзірлеген жоба үздік, деп танылады. Сөйтіп аталмыш мекеме мамандары облыс орталығының болагақ келбетін жасаған. Жаңа жоспар бойынша қаланың аумағы екі есеге дейін үлкейіпті. «Бірінші кезең 2025 жыл бұл кезеңде 250 мың халыққа есептеп отырмыз. Екінші кезеңі 35 жыл бұған 350 мыңдай халықты есептеп отырмыз. Ал, үшінші кезең 50 жыл. Оған 500 және одан жоғары халық тұратындай. Бұл енді үлкен қала болып есептелінеді» - дейді «Астана бас жоспар» жобалау институты директорының орынбасары Еркін Жүсіпов.   Бірінші кезеңде кесене маңы мен жаңа әкімшілік іскерлік орталығы және осы екі аралықты жалғайтын күре жолдың айналасы реттеледі. Сондағы құрылыс жұмыстарын аяқтауға басымдық беріледі.

Жобалаушы мекеме мамандарының айтуынша әсіресе кесене маңы ерекше кейіпке енеді. Себебі, аталған аумақтан ескі қалашық салынады. Ол жерде туристер атарбамен серуендеп, тарихи жәдігерлерді тамашалайтын болады.Қала аумағын екі есеге дейін ұлғайтуды көздеген бас жоспарда шаһардың туристік тартымдылығын арттыру мәселесіне де мән берілген. Соған сәйкес келешекте облыс орталығында заманауи қонақ үйлер салынып, сервистік қызметтер де жақсаратын болады.  «35 жылы туристер саны 2 есеге өседі деген болжамымыз бар. Соған сйкес қонақ үйлер қазіргі таңда бар жоғы 160 орынға бар болатын болса бүкіл Түркістан қаласы бойынша бізде 2030 жылға дейін 2200 орынға жеткізуіміз керек. Соған сәйкес инфроқұрылымы басқа да өзгерістер болады» - деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.  Ал, ескі қала аумағын реттеп биік үйлер салу жұмыстары екінші және үшінші кезеңдерде жүзеге асады.   

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 673 times