Тұңғыш Президент нұсқаған жоба аясында ұйымдастырылған жиынның күн тәртібінде Елбасының өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысы талқыланып, онда жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Партия филиалы Мұхит Отаршиевтің төрағалығымен өткен активте филиал төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев тың бағдарлама шеңберінде баяндама оқыды.
Ағымдағы жылдың 10 айында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 615 өтініш түскен болса, оның 211-і оң шешім тапқан. Бұл туралы Құдірет Ибадуллаұлы баяндама барысында мәлімдеді. Халықпен кері байланыс нығая түскенін айтты.Жиынның соңында партия құрамына жаңадан қабылданған азаматтарға салтанатты түрде билет тапсыру рәсімі болып өтті. Билеттерді жаңа нұртоандықтарға арнайы Мұхит Отаршиевтің өзі тапсырды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»