«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында өткен көшпелі жиынға мемлекет қызметшілері мен ауылдық округ әкімдері, теологтар мен имамдар, ардагерлер, білім саласының мамандары мен жастар да қатысты. Шарада деструктивті діни ағымдар мен олардың кері әсері туралы, сондай – ақ, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы мәселелеріне мән берілді.
Көшпелі жиында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының маманы ұлттық салт – дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыз турасында баяндама оқыды. Басқарма тарапынан дайындалған арнайы фильм де көрсетілді..Қоғамдағы теріс пиғылды кереғар ағымдардан жасөсіпірімдерді аулақ ұстаудың жолы айтылды. Бала тәрбиесіне тал бесіктен бастап баса назар аудару қажеттігі әңгіме өзегіне айналды. Жиын еркін форматта өтті. Келген қауыммен кері байланыс жоғары деңгейде жүргізілді. Көшпелі керуен өкілдерімен көпшілік арасында ашық диалог орнады.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»