Пятница, 06 Декабрь 2019 14:42

Түркістан: Келесте «Nur Otan» партиясының мәжілісі өтті

Келес ауданында Бас партияның 3 мың 283 мүшесі топтасқан 12 бастауыш партия ұйымы бар. Аудандық мәдениет үйінде нұротандықтардың кезекті мәжілісі өтті. Жиында аудандық филиал төрағасы Ақментай Есбаев ақпараттық – идеологиялық жұмыстарды аудан көлемінде барынша дамыту, бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жандандыру сынды тапсырмалар жүктеді. Белсенділігі төмен бірқатар партия ұйымдарына ескертулер берді.

Қоғамдағы ең өзекті мәселелерді айқындап, оны шешу жолдары «Сенім.Диалог.Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы аясында ұсынылды. Берілген тапсырмаларды жүзеге асырып, жаңа белестерді бағындыру мәселелері қаралған келестік партия мүшелерінің кездесуінде 7 бағыт бойынша атқарылуы тиіс мәселелерге мән берілді.

Жыл басынан бері Келес аудандық партия филиланының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 535 өтініш түскен. Оның ішінде ауызшасы 415, жазбаша өтінім саны 120. Бүгінде оның 249 – ы, яғни, 46,7% оң шешімін тапқан. Жиын кезінде «Жас Отан жастар қанатының» белсендісі Нариман Мархабаев «Сенім.Диалог.Болашаққа нық қадам» бағдарламасының 7 – серпініне тоқталды. Мәжіліс соңында филиал төрағасы Ақментай Есбаев партия құрамына жаңадан қосылған азаматтарға салтанатты түрде билеттерін табыстады.  Жұмысты жандандыру үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 658 times