Четверг, 21 Ноябрь 2019 20:13

Түркістан облысы: Келес ауданында 53 адам өз мәселелерін айта келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Осыған орай бүгін Келес ауданы әкімінің аппараты және 12 ауылдық округінде ашық есік күндері өткізілді. Жалпы саны 53 азаматжеке мәселелерімен келді. Аудан әкімі Ақментай Үсенұлы сағат 09:00-де бастаған жеке қабылдауына келген 22 тұрғынды қабылдады. Ал тіркеу парақшасында 14 азамат еді. Қабылдау барысында 8 аудан тұрғыны келіп қосылды. Негізгі мәселелер ауызсу, жер, жол, атаулы әлеуметтік көмек және кәсіпкерлік бағыты болды. Қабылдауға келген әрбір адамның мәселесі бойынша тиісті бөлім басшылары қатысып отырды және сол қабылдау барысында бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

"Жеке қабылдауды кестеге сәйкес аптаның әр дүйсенбісінде өткізіп тұрамын. Оған қоса орынбасарларымныңда өздерінің жеке қабылдауының кестесі жасалған. Жеке қабылдауға келген тұрғындардың 90 пайызына жуық мәселесі шешілген. Ал енді республикада және облыста шешілетін түйіткілді жағдайларменде келетін азаматтарға, тиісті органдарға хат жолдап, мәселенің оң шешім табу үшін жұмыс атқардық. Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесі шешілу керек "-деді Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 388 times