Әрдайым ауыл жастарына қолдау білдіріп отыратын аудан әкімі кездесуін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен көрмені тамашалаудан бастады. Онда өңірдегі өскелең ұрпақтың өз қолымен жасаған туындылары мен салған суреттері. Мектеп оқушылары құрастырған роботехника. Жасыл экономикаға негізделген жобалар мен атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолөнер туындылары қойылған.
Басқосу еркін форматта өтіп, жастармен ашық сұқбат құрылды. Белсенділер аудан басшысына қызмет төңірегінде және балалық, студенттік шақтары жайында сұрақтар қойды. Барлық сауалға жауап берген аудан әкімі жастар жылы атқарылған тірліктер мен болашақ жоспарымен бөлісті. «Дұрыс таңдалған мамандық тұлғаның өзіне де, әлеуметке де үлкен пайдасын әкеледі. Ісі өнімді, нәтижесі берекелі болады» - деген, Мұхит Отаршиев жасөспірімдерге кәсіп таңдаудағы акыл-кеңестерін айтты. Шынайы сұхбат, тұщымды ойлар айтылған кездесу жас буынға оң әсер берді. Мұндай іс-шаралар қатары билік пен болашақ иелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, жақындата түсері анық.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»