Четверг, 21 Ноябрь 2019 15:51

Түркістан облысы: Шардара ауданында «Менің туым – менің отаным!» акциясы ұйымдастырылды

 «Менің туым – менің Отаным!» акциясына шардаралықтар да қолдау білдірді. Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен шараға аймақтың белсенді жастары қатысты. Барша тұрғындарды патриоттыққа, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шарада ұлттық құндылықтармыз дәріптелді. 

Бұл акцияның негізгі мақсаты - мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту.

Басқосуға Румыния елінде өткен әлем біріншілігінде 14 рет көк байрағамызды желбіреткен қол күресшілерді арнайы шақыртып, өскелең ұрпаққа үлгі ете білді. Алғашқы алтынды қазақ қоржынына салған Мағжан Шамиев әлемдік доданың естеліктерімен бөлісті. 50 мемлекеттің алдында көк туымыздың көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалған кезеңдегі патриоттық сезімін тілге тиек етті.

«Біздің Ту ғаламшарымыздың әр түкпірінде халықаралық олимпиадаларда көтерілді. Спортшылар әрқашан еліміздің абыройын асқақтатуға күш саламыз. Аянып қалмаймыз» - дейді халықаралық спорт шебері Мағжан Шамиев.

Ал Шардара ауданы әкімінің орынбасарыБауыржан Шомпиев: «Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарымызбен мақтанамыз. Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту» - деді.

Шара барысында бір тудың астында жұдырықтай жұмылған еліміздің мәртебесін көтеріп, бірлік пен татулыққа бастайтын әндер шырқалды. Елін, жерін сүйген азамматтар барында болашағымыз баянды, ел іргесінің берік болары айқын.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 411 times