Оның айтуынша аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көпбалаларға 74 375 теңге төленеді. Көпбалалы аналарды қолдауға арналған жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек пен көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алу жолдарын түсіндіруге арналған жиынды аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш ашып, жүргізіп отырды. Семинар барысында Нұржан Нұрашов АӘК жөнінде арнайы баяндама жасап, мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысын жан-жақты түсіндіріп өтті.
«Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді», – деді ол өз сөзінде. Семинарға қатысушы АӘК-ке мұқтаж көпбалалы аналар өз тараптарынан сала мамандарына көкейлерінде жүрген маңызды сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»