Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар жүйесін құру жөнінде өзара міндеттемелер қабылдап, алдағы уақытта ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медициналықкөмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс атқарады.
Көрші мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегат барды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалар, мемлекеттік және жеке университеттердің басшылары, санаториялық-курорттық ұйымдар, фармацевтика өндірушілері, денсаулық сақтау саласындағы IT-компаниялар және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар. Іс-шараның мақсаты – екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу. Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформалары, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялары мен озық технологиялар жетістігі таныстырылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.