"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету бойынша Мақтаарал аудандық бөлімінің ғимаратында өткен іс-шараға кәсіби адвокаттар мен нотариустар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметшілері, оның ішінде білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар қатысты.
"Халық заңгері" акциясын өткізу барысында аудан тұрғындары көбінесе әлеуметтік мәселелер бойынша, құқық қорғау органдарының процессуалдық іс-әрекеті мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кондоминимум, білім беру, жүргізілетін жол жұмыстарының сапасы мен уақтылы орындалуына байланысты сұрақтармен жүгініп, заң аясында қанағаттанарлық жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.