Бүгінгі басқосуға құзырлы орган өкілдерімен қаладағы салалық бөлім басшылары қатысты. Жиында алдымен шаһарды газдандыру мәселесі сөз болды. Қала әкімінің айтуынша, көпқабатты үйлердің бірқатарына газ құбыры жеткен. Бірақ тұрғындар тарапынан қосылу көрсеткіші төмен екен. Сондықтан мұндай үйлерде сығымдалған газ баллондарын пайдалануды шектеп, кәсіпкерлік нысандарда табиғатты ластайтын отын жағуды тоқтату қажет екені айтылды.
«Экологиялық мәселеге өте көп көңіл бөлу қажет. Полиция қызметі №505 қаулы бойынша барып, баллон жағып жатқан моншалармен, заңды тұлғалармен жұмыс істеуі қажет. Біріншісі,1995 жылғыдай баллон жарылмас үшін көпқабатты үйлердегі газ баллон тұтынуды тоқтату»–Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
Алжауапты сала мамандары болса, «қауіпсіздік шараларын сақтау үшін көшедегі газ құю бекеттеріндегі талапты күшейту керек» деп отыр. Себебі, тұрғындардың дені өз баллондарын сондай орындардан толтырып алады.
Бұл ұсыныс алдағы уақытта да жан-жақты талқыланбақ. Егер қолдау тапса, көше бойындағы газ құю бекеттерінде баллон толтыруға тыйым салынады. Сонымен қатар енді Түркістандағы кәсіпкерлік нысандарына да тексеру күшеймек.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.