Пятница, 22 Ноябрь 2019 07:53

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында есеп беру жиыны өтіп жатыр

Мақтаарал ауданындағы кенттер мен ауылдық округтің әкімдері, сондай-ақ халық қалаулылары тұрғындар алдында 9 айда атқарған жұмыстарының есептерін беруде. Келелі басқосу Атакент кенті мен Жамбыл ауылдық округінде жалғасын тапты. 

Жиырма мың тұрғыны бар Атакент кентінде ағымдағы жылдың тоғыз айында біршама іс атқарылған. Бұл туралы кент әкімі Сламхан Азимов есеп беру баяндамасында айтты.

«2018жылы жер және автокөлік салықтарын және бюджетке басқада төленетін төлемдерді жинау бойынша 103пайызға орындалса, 2019жылдың тоғыз айында жер салығының жоспары бойынша екі миллион екі жүз елу тоғыз миллион теңге, жиналғаны екі миллион үш жүз жиырма тоғыз теңге, орындалған пайыз 103 пайызға, көлік салығы жоспар бойынша 790мың теңге, жиналғаны бір миллион бір жүз тоқсанмың теңге» - дейді Атакент кентінің әкіміСламхан Азимов.

Кездесу барысында бұқара халықтың талап-тілектері де назардан тыс қалмады. Өз кезегінде округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Берік Шәмпиев аймақта туындаған мәселелерді шешуде тұрғындарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Кезекті жүздесу Жамбыл ауылдық округінде де өтті. Онда мал басы артып, жылыжай өндірісі жақсы жолға қойылған. Бір жылда екі өнім алған шаруа қожалықтары да бар. Елді мекен тұрғындары 100 пайыз ауызсумен қамтылған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорталаңшасын салу үшін 2700 шаршы метр жер учаскесі бөлініп, қазіргі таңда бюджеттен қаржы қарастырылып отыр. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 335 times