Суббота, 07 Декабрь 2019 14:28

Түркістан: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Төлеби ауданына келді

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Төлеби аудандық терроризмге күрес комисиясының және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.

Көшпелі керуеннің мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар, мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады. Керуен құрамында Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы халық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Айнур Қыдырбаева, Түркістан облысы дін істері басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оңалту жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мұрат Мұстафаев, Түркістан облысы дін істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Бауыржан Ботақараев келді.

Жиынға аудан активтері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қала,ауылдық округ әкімдері, имамдары мен мектеп директорлары, колледж студенттері мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. Кездесуде көптеген маңызды ақпараттар берілді. Діни ағымдардың нені көздейтіндері егжей-тегжейлі айтылып, барынша түсіндірілді. «Дәстүрлі құндылықтар керуенін» шараға қатысқан аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салды.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 817 times