Суббота, 07 Декабрь 2019 15:08

Түлкібаста eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы насихатталды

Түлкібас ауданында таяуда «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында аудан әкімдігі және ХҚКО мамандарының ұйымдастыруымен дербес бөлімдердің, ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарын қатыстыра отырып семинар-тренинг өтті.

Қазіргі кезде ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік бар екендігі және мобильді қосымшаны мобильді үкіметте тіркелген Қазақстан Республикасының әр-бір азаматы пайдалана алатындығы айтылды.  Сонымен қатар, мобильді үкіметте тіркелуге: 1. Электрондық үкімет порталы (ЭҮП); 2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтуге болады.

eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін нұсқасы Android - 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы),AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS - 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді. Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялануға болады. Egov mobile жаңа мобильді қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 960 times