Семинарға Ордабасы ауданы әкімі аппараты, дербес бөлім мамандары (көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты), халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен мамандары, білім беру мекемелеріндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты мамандары және «Оңтүстік -Жарық» мекемесінен маман, БАҚ-ның өкілдері қамтылды. Семинардың басты мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуы туралы түсіндіру.
Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болады. Жаңа қосымша Қазақстан халқын қолсозым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған.Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді. Мобильді бағдарламада 50 қызмет пен мобильдік жеке кабинетті пайдалануға мүмкіндік бар. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады. Ағымдағы жылдың аяғына қарай мобильдік форматқа тағы 20 жаңа қызметті ауыстыру жоспарланған.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»