Вторник, 10 Декабрь 2019 12:31

Түркістан: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Ордабасы ауданына табан тіреді

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Ордабасы аудандық терроризмге күрес комисиясының және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.

Көшпелі керуеннің мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар, мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады. Кездесуде көптеген маңызды ақпараттар берілді. Діни ағымдардың нені көздейтіндері егжей-тегжейлі айтылып, барынша түсіндірілді. «Дәстүрлі құндылықтар керуенін» шараға қатысқан аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салды.

Керуен құрамында Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы халық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Айнур Қыдырбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Бектұрғанов, бөлім маманы Бауыржан Ботақараев келді. Жиынға аудан активтері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,ауылдық округ әкімдері, имамдары мен мектеп директорлары, колледж студенттері қатысты.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 694 times