Көшпелі керуеннің мақсаты Арыс қаласы тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу болып табылады. Керуен құрамында Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Халық шығармашылығы орталығының» бөлім басшысы Қыдырбаева Айнұр Мамырқызы және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Халықов Медет Мұзапбарұлы және жауапты қызметкерлер келді. Жиынды Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек ашып, жүргізіп отырды.
Жиында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы А.Қыдырбаеваның,Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының міндетін уақытша атқарушы М.Халықовтың, Арыс қалалық «Ардагерлер ұйымы» жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы Қалиев Иманқұл Ноғайбайұлының баяндамалары тыңдалып, жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»