Адам баласы үшін қауіпті деп есептеліп отырған діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында, Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен шаһардағы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі және №44859 Әскери гарнизон құрамы, сонымен қатар, Дермене ауылдық округіне қарасты Қаражантақ және Саналы елдімекендері мен Ақдала ауылының тұрғындары мен жоғары сынып оқушыларына дінтанушы, теолог маман М.Ержігітов «Ислам ізгілікке бастайтын дін» тақырыбында дәріс оқыды. Жиынның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады. Жиыннан жақсы әсер алған қызметкерлер толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»