Суббота, 23 Ноябрь 2019 10:56

Түркістан облысы: Келес ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды қабылдайды

Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Оразбеков Талғат Бегалыұлы 2019 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 15.00-де аудан әкімі аппараты ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. 

Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді. Жеке қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 3-09-20 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады. Бұл ақпаратты Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі хабарлап отыр. Қабылдау барысында жергілікті шенеуніктер хақында кез келген мәселені тілге тиек етуге мүмкіндік бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 435 times